Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Адами капитал рөлі күрт артады - Президент

2019 жылдың 4 шілде 2019 17:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі кезеңде адами капитал рөлі күрт артады. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы жаңа технологиялар әлемдік экономиканың құрылымын, сондай-ақ елдердің бәсекеге қабілеттігін түбегейлі өзгерткеніне тоқтала келе, алдағы онжылдықтарда адамзат тап болатын сын-тегеуріндерді де ескеру қажеттігін атап өтті.

"Қазірдің өзінде жұмысшы қызметі түрлерінің жартысы автоматтандырылуы мүмкін. 2030 жылға қарай 75-тен 375 миллионға дейін адам, яғни жаһандық жұмыс күшінің 14 пайызға жуығы қайта оқытудан өтуге немесе кәсібін ауыстыруға мәжбүр болады. 2018 жылы мектепке барған бала алдағы уақытта бүгінде жоқ кәсіптер бойынша жұмыс істейтін болады" - деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, жақын болашақта адамның табыстылығының негізгі дағдылары ретінде когнитивтік икемділігі басымдыққа ие болатынын, өйткені бұл бағытты машиналар меңгере алмайды. Осы орайда бейімделу қабілеттілігі, сыни ойлау, жасампаздық, ішкі түйсік, командада жұмыс істей алу қабілетін атап өткен жөн.

"Алайда бұл болжамдардан қаймығудың реті жоқ. Технологиялардың енгізілуі адамзатты жұмыс орындарынан айырмайды, алайда олардың табиғатын өзгертеді. Бұндай құбылыс адамзат тарихында қайталанған еді. Дегенмен де қазіргі кезеңде адами капитал рөлі күрт артады, әсіресе, білім саласының рөлі ерекше болады. Сондықтан адами капиталға инвестиция салу елдің экономикалық дамуы мен жалпы қоғам әл-ауқатының өсуіне ықпал етеді. Қазақстанда адами капиталды дамыту бойынша үлкен жұмысты жүргізудеміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жоғары қарай