Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 360.87
EUR 410.27
RUB 5.40
CNY 52.31

ӘЧ-2018: Есте болар 10 дерек

2018 жылдың 14 маусым 2018 16:55 1599

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 14 маусымда Ресейде футболдан әлем біріншілігі жалауын көтереді. Өз тарихында 21-ші мәрте өтетін дүбірлі дода бойынша  айрықша 10 деректі ҚазАқпарат тілшісі оқырман назарына ұсынады.

Айтулы аламанды тамашалау мақсатында Ресейге 1 млн жанкүйер келеді деп күтілуде. Бұл - турнирдің ұйымдастырушы мамандардың статистикалық ақпараты.

Мундиальды әлем халқының үштен бір бөлігі теледидар арқылы тамашалайды деп жоспарланып отыр. Ол шамамен 3 млрд адамға жуықтайды.

2018 жылғы әлем біріншілігінде  Еуропадан - Исландия, Солтүстік Америкадан - Панама құрамалары дүбірлі доданың финалдық кезеңіндегі тұсаукесер ойындарын өткізеді.

Бүгінгі күнге дейін финалдық кезеңге көп қатысу жөнінен Бразилия құрамасы алда тұр, олар 20 мәрте айтулы аламанда бақ сынаған. Одан кейінгі орындардағы Италия  мен Германия - 18, Аргентина - 16, Англия, Франция, Испания - 14, Уругвай мен Бельгия  14 мәрте бақ сынауымен ерекшеленіп тұр.

Қазірге дейін чемпион болу мәртебесіне небәрі 7 құрама қол жеткізген.

Чемпиондық атаққа Бразилия  5 (1958, 1962, 1970, 1994, 2002) мәрте қол жеткізіп, бұл жөнінен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы  Германия (1954,1974, 1990, 2014) және Италия (1934, 1938, 1982, 2006) төрт-төрттен кубок алса, Аргентина  (1978, 1986) және Уругвай (1930, 1950) екі-екіден чемпион атанды. Ал Франция (1998), Испания (2010), Англия (1966) бір-бір мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.

Қазірге дейін чемпиондық кубокты тек Еуропа және Оңтүстік Америка құрлықтарының құрамалары төбесіне көтерген.

Бразилия және Германия құрамалары бірде-бір рет әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінде сүрінбей, финалдық кезеңіне жолдама алған. Тек Германия 1930 және 1950 жылдардағы әлем біріншілігіне қатысудан бас тартқан. Италия мен Аргентина құрамалары бір-бір мәрте іріктеу кезеңінен өте алған жоқ.

Әлем біріншілігіндегі ең жылдам соғылған гол 2002 әлем біріншілігінде тіркелді. Ойынның 10,8 секундында Түркия шабуылшысы Хакан Шүкір өз құрамасын алға шығарды.

Әлем біріншілігінің ең үздік сұрмергені атағы Германия ойыншысы Мирослав Клозенің (16 гол) еншісінде тұр.

 

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай