Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

ӘЧ-2018: Ашылу салтанатында Робби Уильямс ән шырқайды

2018 жылдың 11 маусым 2018 20:42 1158

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 маусым күні Мәскеудегі «Лужники» стадионында футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанатында британиялық белгілі әнші Робби Уильямс өнер көрсетеді. Бұл жайлы ФИФА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Анадолы агенттігі хабарлайды.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінен кейін турнирдің алғашқы матчы болады. Онда Ресей және Сауд Арабиясының құрамалары кездеседі.

Сондай-ақ салтанатты шараға екі дүркін әлем чемпионы Роналдо мен ресейлік опера әншісі Аида Гарифуллина да қатысады.

 

 

Басты сөздер: Ресей, ТМД, Спорт,
Жоғары қарай