Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Абылай ханға арналған монумент: Мемлекет басшысы қолдау білдірді

2019 жылдың 14 қараша 2019 14:57

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Абылай ханға арналған монумент салу жобасын қолдау керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маған бірер күн бұрын Абылай ханға арналған монумент салу жобасы таныстырылды. Жоба бойынша мұнда лифт, бақылау алаңы, мұражай және дәмхана сияқты бірқатар нысандар қарастырылған. Аталмыш жоба халықтың жинаған қаражатына салынады. Бұл жобаның қаншалықты тиімді болатынын көреміз. Жалпы, мен бұл жобаны қолдау керек деп есептеймін», деді Президент.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ақмола облысында жүр.

Жоғары қарай