Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Әбу-Дабиде ең ежелгі табиғи меруерт көрсетіледі

2019 жылдың 22 қазан 2019 11:40

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – Абу-Дабидің мәдениет және туризм департаментінің археологтары әлемдегі ең ежелгі табиғи меруертті тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат WAM агенттігіне сілтеме жасап.

«Әбу-Даби маржаны» деген ат берілген меруерт Марава аралындағы неолит қонысынан біздің заманымызға дейінгі 5800–5600 жылдар шамасында пайда болған қатпарлардың арасынан табылған. Бұл жайт БАӘ аумағында меруерттің 8 мың жыл бұрын да қолданылғанын білдіреді.

Яғни, меруерт неолит кезеңінде де бағалы әшекей бұйымдар қатарында болған.

Марава аралы құнды археологиялық ескерткіштердің бірі саналады.

Тарихи тұрғыдан алғанда баға жетпес меруерт Әбу-Даби Луврында 2019 жылдың 30 қазанынан 2020 жылдың 18 ақпанына дейінгі аралықта өтетін «Сән-салтанаттың 10 000 жылдығы» көрмесінде алғаш рет жұртшылыққа көрсетіледі.

Айта кетейік, Әбу-Даби маржаны Шейх Заид Ұлттық музейі коллекциясында сақталады.










Басты сөздер: Әлем, Мәдениет,
Жоғары қарай