Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

#Абай175: ҚазАқпарат эстафетаны қабыл алып, ақынның әнін 5 тілде шырқады

2019 жылдың 20 шілде 2019 16:23 678

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны «Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірнеше тілде ақпарат тарататын агенттік қызметкерлері ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін бес тілде шырқап, эстафетаның мазмұнын байытты. Әр қазақтың жүрегінде жатталған Абайдың әйгілі әні қазақ, ағылшын, өзбек, орыс және қытай тілдерінде шырқалды.

Агенттік ұжымы бұл эстафетаны «Татар-Информ» ақпарат агенттігіне, Қырғыз Республикасының «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне, «Tengrinews» және NUR.KZ порталдарына жолдады.

Видеоның режиссері – Ильзат Сафарғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқуға арналған челлендж жүріп жатыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш жолдаған эстафетаны жалғастырып, Абай өлеңдерін оқыған болатын.


Жоғары қарай