Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

#Abai175: Фанаттар эстафетаны Димаштың ата-анасына жолдады

2019 жылдың 19 шілде 2019 11:26

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаштың фанаттары Абай өлеңдерін қазақ тілінде оқып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің әр түкпіріндегі фанаттар Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты өлеңін жатқа оқыды.

Олар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны Димаштың ата-анасы Қанат-Света Айтбаевтарға, дирижер Михаил Котельниковқа, әнші Анита Цой мен актер Санжар Мәдиге, Германиядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Дәурен Кәріповке жолдады.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев эстафетаны Димаш Құдайбергенге жолдаған болатын. Ал әнші өз фанаттарына кезек берді.

Жоғары қарай