Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

#Abai175 челленджі әлемнің 12 еліне тарады

2019 жылдың 10 тамыз 2019 14:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - #Abai 175 челленджі күн өткен сайын ауқымын кеңейтіп жатыр. Акцияға Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Италия, Египет, Түркия, АҚШ, Украина, Австралия, Қырғызстан, Франция және Қытай сияқты 12 елдің интернет қолданушылары атсалысып үлгерді», деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Шынар Шәкен (@shakenshynar) бастаған акцияны әуелі танымал блогерлер мен вайнерлер қолдап әкеткен болатын. Осылайша әлеуметтік желіде #Abai175 және #Абай175 хэштегімен жарияланған креативті идеялар көбейді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған» Жарлыққа қол қоюы «Болашақ» түлегі бастаған акцияға тың серпін берді деуге болады.

Күн сайын Абай өлеңдерінен үзінді оқушылар қатары өсуде. Челленджді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдап,ұлы ақынның өлеңін оқып, эстафетаны министрлер мен белгілі әнші Димаш Құдайбергеновке тапсырды.

Осылайша, поэзия эстафетасын Игорь Крутой, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Ресейдің шоу-бизнес өкілдері, Ақтөбенің әкімі Оңдасын Оразалин, Қазақстанның Халық әртісі, профессор Талғат Теменов жалғастырып әкетті.

Ұлы бабаны ұлықтау бастамасына Әзербайжан, Түркия, Ирак, Татарстаннан ниеттес ағайынның атсалысқаны қуантады. Жыр эстафетасының географиясының кеңіп, Еуразия кеңістігінде кең тарауына әзербайжандық танымал журналист Аида Эйвазова, түркиялық Yakup Ömeroğlu үлес қосқанын ерекше атап өту керек.

Бүгінге дейін челендж аясында 6000-нан астам ролик жазылып, 10 мыңға жуық#Абай175 немесе #Abai175 хэштегі тараған.

Оның 70,4 пайызы Facebook-те, 15,7 пайызы Instagram-да, (және 7 пайызы Вконтакте желілерінде жарық көрген.

Перевод Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: #Аbai175, Мәдениет,
Жоғары қарай