Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

9 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

2019 жылдың 8 сәуір 2019 20:47 626

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 9 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Үкімет үйінде» кезекті Үкімет отырысы басталады. Күн тәртібінде - «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысы, Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамаларын жүзеге асыру аясындағы әлеуметтік жобалар тұр.

10.30-да BI сарапшылар мектебінің таныстырылымы өтеді. Және Aspex, Microsoft Kazakhstan және Astana Hub арасында үшжақты келісімшарт бекітіледі.

13.30-да М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде «English-Kazakh Legal Dialogue» форумы өтеді. Онда Қазақстан мен Англия заңгерлері заңгерлік бизнес, әділ төрелікке қолжетімділік, заңгерлік мамандықты реттеу мәселелерін талқылайды.

18.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстандағы Үндістан Елшілігі Үнді музыкасы мен биі концертін өткізеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Ғылым академиясында Қажымқан Мәсімовпен қоштасу рәсімі өтеді.

 

 

 

 

 

Автор: Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай