Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

9 мыңға жуық шымкенттік «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгеден алды

2020 жылдың 10 сәуір 2020 13:38

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елімізде құрылған «Birgemiz» қорынан 8804 шымкенттіктің есепшотына қаржы аударылды. 15 сәуірге дейін тізімге ілінген 21 864 мұқтаж отбасының барлығына көмек көрсетілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, қаладағы аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында аудан әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізген.

Олардың арасынан аса мұқтаж отбасылар іріктеліп, арнайы тізімге енгізілген.

Бүгінгі таңда «Birgemiz-Shymkent» қоры арқылы тізімге алынған отбасылардың есепшотына тиісті қаражат толықтай аударылған.


Жоғары қарай