Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

9 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 20:00

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 9 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолуын ұсынады.

АСТАНА

10.00-де Астана әкімдігінде қала әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен 2018 жылды қорытындылау және 2019 жылға қойылған міндеттер бойынша қала активімен кеңейтілген аппараттық отырыс өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

АЛМАТЫ

12.00-де Қазақстанның Баспасөз клубында Астана банкі мен «Жана Роса» ЖШС және «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ арасындағы үшжақты келісім бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

16.00-де Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Махамбет сыйлығының лауреаты Табылды Мұқатовтың «Құм жазуы» атты мерейтойлық көрмесі ашылады.

17.30-да MOSKVA Metropolitan сауда және ойын-сауық орталығының Kinopark 8 кинотеатрында «Всемогущий» алғашқы қазақстандық сиқырлы веб-сериалдың жабық көрсетілімі өтеді.

ТҮРКІСТАН

11.00-де «TURKISTAN MEDIA» орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев «Инвесторлар мен кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу және мемлекеттік мекемелер тарапынан болатын заңсыз қысымнан қорғау» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.

ШЫМКЕНТ

12.00-де Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімде Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

10.00-де М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылорда облысына арналған «Өлкетану» оқулығының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай