Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

800-ге жуық шымкенттікке жалақы қарызы қайтарылды

2019 жылдың 19 наурыз 2019 05:28

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 816 жұмысшының қордаланған қарыздары қайтарылды. Қалалық прокуратура қызметкерлерінің араласуымен 6 кәсіпорындағы жұмысшылары 117 млн теңгеге жуық жалақыларын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп жүргізген жұмыстардың нәтижесінде «Шымкентхиммонтаж» ЖШС-і 365 қызметкердің 66 млн теңге жалақы қарызын төлеген.

«Саудеинвест» ЖШС-нің басшысына қатысты жұмысшылардың жалақысын басқа мақсаттарға жұмсауына байланысты толық және уақытылы төлеуді бірнеше рет кешіктіргені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 152 бабы 3-бөлігімен қозғалған іс 12 наурызынан бастап Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының өндірісінде» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, банкроттық сараптама жұмыстарының нәтижесінде, прокурорлармен анықталған «Нарде» ЖШС-нің бірқатар мүлктері аукцион арқылы заңды тұлғаға сатылған. Одан түскен 4,6 млн теңге 37 жұмыскердің алдындағы жалақы қарызын өтеуге жұмсалған.

Жоғары қарай