Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

80 жастағы Германия азаматы Қазақстан аумағынан қуылды

2019 жылдың 20 ақпан 2019 18:34 1065

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Көлік полицейлері жыл басынан бері ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 200-ден астам азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әкімшілік жауапқа тартылған 233 адамның екеуі - қос елдің азаматтығын алған шетелдік.

Полиция қызметкерлері Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы «Сарыарқа» әуежайының аумағын тексеру кезінде ҚР азаматтығы туралы заңнаманы бұзған 1958 жылғы Германия азаматын анықтады. Бұқар жырау аудандық соты оған 353 500 теңге көлемінде айыппұл салды.

Биыл қаңтарда Алматы әуежайында осындай құқық бұзған 80 жастағы Германия азаматшасы да ұсталды. Алматы ауданаралық әкімшілік соты ұсталушыны ҚР аумағынан шығарып жіберді. 

 

 

Басты сөздер: Заң,
Жоғары қарай