Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

8 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

2019 жылдың 7 сәуір 2019 19:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 8 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9:30-да Сенатта Қаржы және бюджет комитеті кеңейтілген отырыс өткізеді.

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде дәрілік қамтамасыз ету мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жағдайы» тақырыбында баспасөз мәслихаты жоспарланған.

АЛМАТЫ

10:00-де Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында институттың негізін салған белгілі ғалым, Вавиловтың шәкірті, Сиверс алмасын ашқан Аймақ Жанғалиевтің 100 жылдық және институттың 60 жылдық мерейтойына арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді.

10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық Фараби оқулары аясында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту үлгілері» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталады.

12:00-де Қазақстандық баспасөз клубында «Жібек жолы» халықаралық сауда орталығын сүруге байланысты кәсіпкерлердің мәлімдемесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай