Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

8 мың әскери мен 2 мың техника: Қорғаныс министрі оқу-жаттығу барысын тексерді

2019 жылдың 25 сәуір 2019 10:02

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Алматы гарнизонына барып, «Айбалта - 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өткізілу барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

15 сәуір күні «Көктал» оқу-жаттығу полигонында «Айбалта - 2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол 3 мамырға дейін жалғасады.

Министр оқу-жаттығу аумағында әскерлердің практикалық іс-қимылдарын байқап, полигонның инфрақұрылымдық нысандарын тексерді.




null
«Заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып, әскерлерді жауынгерлік қызметтің негіздеріне сапалы оқытуға, қару-жарақ пен әскери техниканың тиімді қолданылуына, сондай-ақ оқу-жаттығуды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуына ерекше назар аударды», - делінген Қорғаныс министрлігінің ақпаратында.

Сапар қорытындысы бойынша Н.Ермекбаев стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың сапалы өткізілуі мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілетін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Оқу-жаттығуға Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Арнайы операциялар күштері, арнайы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері тартылды. Жалпы алғанда, маневрге шамамен 8 мың әскери қызметші және 2 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде майдандық және армиялық авиация жұмылдырылған.




null

Жоғары қарай