Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

73 британдық депутат Еуропарламенттегі соңғы отырысына қатысады

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 12:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы аптада Ұлыбритания депутаттары Еуропарламенттегі соңғы отырыстарын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Біріккен корольдық депутаттарының кабинеттеріндегі сөрелер босап қалды. Енді оларға ай сайын пленарлық отырысқа келіп, осында заттарын сақтаудың қажеті шамалы.

Британдық 73 еуродепутат 31 қаңтар күні өкілеттіліктерін тоқтатады. Себебі, олардың елі Еуроодақтан шығады. Олардың орындары қалған мүше-мемлекеттер арасында бөлінеді.

Бір аптадан бері жалпы саяси сектор партияларын таныстыратын түрлі елдердің депутаттары «брекситтен» сабақ алып, Біріккен корольдік көнбеген кеңестік құрылымның қателіктерін түзетуге шақырып жатыр.


Басты сөздер: Еуропа,
Жоғары қарай