Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

7 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 7 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Соғыс ойыншықтарын жою күні

Бұл күн 1988 жылы Ата-аналарының қамқорлығынан айырылған және жетім балаларға көмек жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың бастамасы бойынша алғаш рет аталып өтті.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1932 жылы Қазақстанда тұңғыш рет көп басылымда газет пен журнал шығаратын арнайы мамандандырылған «Дәуір» баспасы құрылды.

2001 жылы Елбасы Н.Назарбаев Ақтау қаласында өткен бірнеше іс-шараға: паром терминалының, қаланың «Ынтымақ» алаңындағы «Достық» монументінің ашылу салтанатына және Қазақстан жастарының бірінші конгресіне қатысты.

2004 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Астанада еврейлердің Орталық Азиядағы ең үлкен «Бейт Рахель - Хабад Любавич» синагогасы ашылды.
2004 жылы Израильдің Бас раввині Йона Мецгер мен америкалық еврейлердің филантропы Рональд Лаудер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өркениеттер арасындағы диалогқа қосқан үлесі үшін тұңғыш рет тағайындалып отырған Маймонида атындағы Халықаралық сыйлықты табыс етті.

Аталған сыйлық ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген, ислам және иудаизм арасындағы диалогтың негізін қалаған танымал еврей философы Маймониданың (толық аты-жөні Раби Моше бен Маймон) құрметіне аталған. Маймонида сыйлығын Маймонида атындағы халықаралық сыйлықты табыс ету жөніндегі Халықаралық комитет бекіткен.

2012 жылы Мажарстан астанасы Будапешт қаласындағы «VAM Design Center» орталығында танымал қазақстандық суретші-реставратор Қырым Алтынбековтің жинағындағы ежелгі сақтардың жаңартылған дүниелерін көрсететін «Алтын адам - дала пирамидаларындағы патшалық қорымдар дүниесі» көрмесі ашылды.

2013 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қазақстандық-қытайлық іскерлік кеңестің құрылтайшы отырысы барысында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын іске қосты.

2016 жылы Қазақстандық зерттеуші, Торғай геоглифтерін ашқан ғалым Дмитрий Дей әлемде баламасы жоқ құпия нысандарға экспедиция ұйымдастыруға қажетті қаражат жинау мақсатында халықтық жобаның басталғандығын жария етті. Түркияда өткен Археологтардың еуропалық қауымдастығының форумында торғайлық нысандар 2014 жылдың басты сенсациясы деп танылды. Ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша америкалық блогерлердің таңдауымен Торғай геоглифтері жылдың топ-10 жаңалықтарының қатарына енді. 2016 жылдың жазында Qatar Day шешілмеген құпия нысандардың тізімін жасады, олардың қатарында Торғай геоглифтері де бар.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай