Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

«7-20-25» бойынша бастапқы жарнаны 20 пайыздан жоғары ұлғайту ұсынылады

2019 жылдың 26 наурыз 2019 09:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны 20 пайыздан жоғары ұлғайту ұсынылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Үкімет пен Ұлттық Банк арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім жөнінде» баяндаған ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, экономиканы дамытуды қаржылық қолдау бағдарламаларында негізгі рөл Үкіметке тиесілі. Бұл ретте Ұлттық банк үш бағдарламаны іске асыруға көңіл бөледі.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша. Ұлттық банк бағдарламаны алдында бекітілген шарттар негізінде қаржыландыруды жалғастырады. Бағдарламаға халықтың қатысуын арттыру және бастапқы жарнаны 20 пайыздан жоғары ұлғайту ұсынылады", - деді ол.

Е.Досаевтың сөзіне қарағанда, банктердің 600 миллиард теңге сомасындағы ұзақ мерзімді өтімділігін меңгеруі экономиканың басым жобаларын уақтылы несиемен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы уақытта 9 банк кредиттеу бағдарламасына қатысуда, 112,7 млрд теңге сомасына үш банктің облигациялары сатып алынды.

"Отандық автокөлік сатып алушыларын кредиттеу бойынша бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық Банк 5 жыл ішінде 100 млрд теңгеге дейін жұмсайды. Осы жылы 20 млрд теңге бөлінетін болады", - деді ҰБ басшысы.

Жоғары қарай