Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

7-20-25: Банктер 2,5 мыңға жуық өтінімді неге мақұлдамады

2019 жылдың 19 наурыз 2019 10:28

АСТАНА. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 72 млрд теңге болатын 6 165 өтінім мақұлданды. Бұл туралы бүгін «Нұрлы жер» бағдарламасы қаралған Үкімет отырысында «Баспана» ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7-20-25» бағдарламасы 2018 жылдың шілдесінде қосылды. Бағдарламаны іске асыру 8 банк арқылы жүзеге асырылуда. 14 наурыздағы мәлімет бойынша 120 млрд теңге сомасына 10 500 өтінім берілді. Оның ішінде банктер 72 млрд теңге сомаға 6 165 өтінімді мақұлдады. 58 млрд теңгеге 4 868 несие беріліп, «Баспана» ипотекалық ұйымы 49 млрд теңгеге 4 132 несие сатып алды. Жыл басынан бері берілген несие портфелі 49 пайызға ұлғайып, 19 млрд теңгеге 1 639 несие берілді», - деді ол.

Ипотекалық ұйым басшысының дерегінше, орташа алғанда ай сайын 7,6 млрд теңгеге 630-ға жуық несие беріледі.

«Бағдарлама іске қосылған уақыттан бергі барлық берілген өтініштердің 23 пайызы немесе 2 457 өтінім банктер тарапынан мақұлданбады. Оның негізгі себептері - несие тарихының бұзылуы және ресми табыстарының болмауы. Несие алушылардың негізгі бөлігін 25-пен 35 жас аралығындағыларды құрайды», - деді Қ.Алтынбеков.

Оның айтуынша, ипотекалық несиенің орташа сомасы Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында 13 млн, қалған өңірлерде 9 млн теңге. Несие 20 жыл мерзімге беріледі.

«Бұл қазіргі таңда бағдарлама аясында қойылған шекті бағалалардың азаматтарға баспана алуға кең көлемде мүмкіндік беріп отырғанын көрсетеді және пәтер бағасының өсуіне тежеуде», - деді ол.

Жоғары қарай