Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 77,6 млрд теңгенің өтініштері мақұлданған

2019 жылдың 10 сәуір 2019 22:03 1579

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз беру үшін 6,6 мыңнан астам өтініш мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 10 сәуіріндегі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қарыз алуға 129,5 млрд теңге сомасында 11 378 өтініш мақұлданды. Оның ішінде 6 665 өтініш 77,6 млрд теңге қарыз беруге бөлінді»,  - деп хабарлады ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспананы тұрақты табысы бар және өтініш берген уақытта баспанасы жоқ кез келген Қазақстан азаматы ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 7 % құрайды. Ипотекалық несиелер бойынша алғашқы жарна - 20 %. Қарыз мерзімі 25 жылға дейін беріледі.

Автор: Данияр Дауталиев

 

 

 

Басты сөздер: Тұрғын үй, Құрылыс,
Жоғары қарай