Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

7-20-25: Бағдарлама аясында 10 306 адамның өтініші мақұлданды

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 19:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 10 306 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30 тамыздағы мәлімет бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қарыз алуға 198 млрд теңге сомасына 17 532 өтініш келіп түскен. Оның ішінде құны 118 млрд теңге болатын 10 306 өтініш мақұлданды» делінген хабарламада.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.


Басты сөздер: Статистика, Тұрғын үй, Ипотека,
Жоғары қарай