Ауа райы
Нұр-Сұлтан 14 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

«7-20-25»: 1200-ден астам азаматқа ипотека беруден бас тартылды

2019 жылдың 22 қаңтар 2019 10:26 2124

АСТАНА. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алуға өтінім берген 1237 қазақстандыққа қарыз беруден бас тартылды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың наурызында Мемлекет басшысы бірнеше әлеуметтік бастама аясында «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Бұл халық үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған. Ұлттық банк өткен жылдың ортасында бағдарлама талаптарын бекітті. Ипотека нарығын жақсарту үшін заңнамалық өзгертулер енгізілді. Оператор «Баспана» ұйымы құрылды»,- деді ол.

Оның айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы 2018 жылғы шілдеде іске қосылды. Бағарламаны 8 банк іске асыруда.

«17 қаңтардағы жағдай бойынша 52 млрд теңгеге 4350 өтінім мақұлданды. Осы уақытта 17 пайыз өтініш берушіге немесе 1237 өтінім бойынша қарыз беруден бас тартылды. Бас тартуға негізгі себеп - кредиттік тарихының нашарлығы және жеткілікті кірістің болмауы», - деді Д.Ақышев.

Банк басшысының сөзіне қарағанда, бағдарламаны халыққа түсіндіру жұмысы жүргізіліп, 6 млн-нан астам қазақстандық қамтылған. Бағдарламаны іске асыру барысы БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жүйелі түрде жарияланады. Тәулік бойы Call-орталық жұмыс істейді. Ұлттық банктің аумақтық фиалдары мен «Баспана» ипотекалық ұйымы барлық өңірдегі халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесу өткізуде.

 

Жоғары қарай