Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

6 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 5 сәуір 2019 20:00 991

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 6 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де Паралимпиадалық жаттығу орталығында Қазақстанда алғаш рет «Бочча» паралимпиадалық спорт түрінен қалалық чемпионат өтеді. Жарыста 6-50 жас аралығындағы 80 спортшы күш сынасады.

Сағат 10.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қазақстанда жасалған» көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Сағат 10.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің Шопен залында Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Ресей музыка академиясының профессоры Юрий Богданов шеберлік сағатын өткізеді.

 

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 14.00-де Қызылорда облысы Қармақшы ауданының орталығы - Жосалы кентіндегі мәдениет үйінде «Тұңғыш» экскурсиялық концепциясы аясында көшпелі экскурсиялар мен көрмелер өтеді. Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» тақырыбындағы көшпелі көрме жобасының өтуіне орай ұйымдастырылады.

 

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Жоғары қарай