Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

500-ге жуық қызылордалық мемқызметтерді жолда жүріп алды

2019 жылдың 7 сәуір 2019 16:06

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы аумағында өткен республикалық «Жолда қабылдау» акциясы барысында 500-ге жуық тұрғын смартфон арқылы 44 мемлекеттік қызмет түрін пайдаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара халықпен тікелей байланысты орнатуға өз септігін тигізді. Нәтижесінде полиция бөлімдері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында жағдай жасалды. Екі күнге созылған акция облыс орталығында және барлық ауданда өткізілді.

«Халық көп шоғырланатын орындарда арнайы «Жолда қабылдау» деп жазылған ақпараттық плакатпен рәсімделген автобустар орналасты. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі, онлайн режимде айыппұлды төлеу тәртібі туралы құқықтық кеңес берілді. Нәтижесінде сол жерде 500-ге жуық тұрғын смартфон арқылы 44 мемлекеттік қызмет түрін пайдалануға және 15 облыс тұрғыны терминал арқылы айыппұл төлеуге мүмкіндік алды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлжахан Қайырбергенова.

Облыс аумағында өткізілген акция барысында тұрғындар түрлі мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды. Келген тұрғындардың барлығы көкейіндегі сұрақтарын еркін қойып, тұшымды жауаптар алды. Тұрғындар көбінесе құқықтық мәселелер бойынша жүгініп жатты.

Мәселен, Қызылорда қаласының тұрғыны өз ауласындағы құрылыс жұмыстарына Өзбекстан Республикасының азаматтарын шақыртуға заңды түрде рұқсат алу кеңесін алды.

Департаменттің көші-қон қызметінің бастығы полиция подполковнигі Аруын Жолдасбаев азаматшаға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заң бойынша кеңесін берді.




null

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қоғам, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай