Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

5 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

2019 жылдың 4 шілде 2019 20:12 1006

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 шілде күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00- де ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы басталады.

11.00-де Миинстрліктер үйінде Нұр-Сұлтан - 2019 Пара пауэрлифтингтен өтетін әлем чемпионаты туралы брифинг өтеді.

11.00-де «Көрме» орталығында Астана күніне арналған «Көрпе Fest» мега-фестивалі өтеді.

12.00-де «Атамекен» этно-мемориалдық кешеніндегі» тутұғырда Мемлекеттік Туды көтеру, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери оқу орындарының үздік бітірушілеріне офицерлік шен тапсыруы және Елорда Күніне арналған мерекелік іс-шаралардың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтеді.

12.20-де Орталық коммуникациялар қызметінде Фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу барысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

13.00-де Ritz-Carlton қонақ үйінде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Қазақмыс» ЖШС компанияның көпбалалы қызметкерлерін қолдау бойынша меморандум бекітеді.

15.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-да Орталық коммуникациялар қызметінде Арыс қаласындағы жағдай туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

14.00-де АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінде NASA ғарышкері Мэри Эллен Вебербен кездесу және баспасөз мәслихаты өтеді.

16.00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификаттарын тапсырады.

17.00-де ЭКСПО аумағындағы жазғы сахнада Халықаралық The Spirit of Eurasia-2019 заманауи этникалық музыка фестивалі басталады.

19.00-де ҚР Мемлекеттік архивінде Астана күнін мерекелеу қарсаңында архив құжаттарын ғылыми және пайдаланушылық айналымға шығару мақсатында «Не? Қайда? Қашан?» ойыны өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Civil Center Almaty ғимаратында ҚР трерроризм мен экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы семинар өткізеді.

16.00-де Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде Қансейіт Қарлығаштың «Үндестік» атты жеке көрмесі ашылады.

18.30-да Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында WBO Inter-Continental атағы үшін бокс кеші өтеді. Орта салмақта Қанат Ислам 36 жастағы доминикандық Хулио де Хесуспен (27-1) айқасады.

 

 

Жоғары қарай