Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

5 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 4 сәуір 2019 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 5 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де «Жалпыға бірдей денсаулық» ұранымен өткізілетін Дүниежүзілік денсаулық күні аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бастамасы бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының №10 мектеп-гимназиясында Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтың, Қазақстандағы ДДСҰ өкілі Олег Честновтың, белгілі спортшылар мен әншілердің, мектеп оқушылары және оқытушыларының қатысуымен жаппай жаттығу өткізіледі.

Сағат 09.15-те Дүниежүзілік денсаулық күні аясында Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері үшін фитнес-жаттықтырушы Андрей Кравченконың қатысуымен дене шынықтыру жаттығуы өтеді.

Сағат 09.30-да The Ritz-Carlton қонақ үйінде жыл сайынғы Huawei Day Kazakhstan конференциясы өткізіледі.

Сағат 10-00-де Тәуелсіздік Сарайында ҮЕҰ Аутизм бойынша Бірінші Республикалық Форумды ұйымдастырады.

Сағат 10.30-да Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде (Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс) «Еліміздегі су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтеді.

Сағат 11.00-де «Транспорт тауэр» ғимаратында Геологтар күні мерекесіне орай геология ардагерлері мен мамандарына салтанатты түрде қошемет көрсетіледі.

Сағат 11.30-да екіжақты меморандумға қол қоюға арналған «Астана балет - Астана туризмінің жемісі» атты баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті «Шығыс көктемі» фестивалін өткізеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қарасу» өткізу бекетінде қалыптасқан жағдайға байланысты баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Студенттік емхананың ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 15.00-де Қазмедиада ата-аналардың жауапкершілігіне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де АҚШ елшілігінде АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Уильям Мозердің дипломатиялық қызметіне кірісуіне арналған журналистерге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланады.

Сағат 16.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

Сағат 16.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залында «Жас дарындар» концерті ұйымдастырылады.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстандық киноның дамуы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 17.00-де «Астана Опера» театрында «PICCOLO» КАМЕРАЛЫҚ ТЕАТРЫ жаңа жобасының бастамасы болған «Жібек саты» операсының премьерасына орай баспасөз жиыны өтеді.


АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Клиникалық медицинаға зертханалық диагностика: дәстүрлер мен инновациялар» атты 1-ші халықаралық конгрес өткізіледі.

Сағат 10.00-де Алмалы аудандық ХҚКО-да «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы өтеді.

Сағат 10.00-де Достық үйінде «Жастар жылы мен біздің заманымыздың жаһандық мәселелері» атты жас ғалымдардың VI Халықаралық конгрессінің жалпы отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында қоғам қайраткері, дәрігер, «Алаш» қозғалысының танымал мүшесі Асылбек Сейітовтің 125 жылдығына арналған «Асылбек Сейітов - Тарихта қалған із»» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.

Сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында «Мүмкіндіктер палитрасы» көрмесінің ашылу салтанаты болады.

Сағат 17.30-да Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында II Жастар бизнес-форумы өткізіледі.

КӨКШЕТАУ

Сағат 10.00-де Сәтбаев пен Әуелбеков көшелерінің қиылысындағы Сәтбаевтың кеудемүсінінің алдында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған салтанатты шара өтеді.


ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 9.00-де Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде халықаралық «Feerie Dance - 2019» балдық би турнирі басталады. Халықаралық турнир 5-6 сәуір күндері өтеді деп жоспарланған.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай