Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

5 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылдың 5 қазан 2019 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 5 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

Халықаралық мұғалімдер күні

1994 жылдан бастап ЮНЕСКО шешімі бойынша атап өтіледі. 1966 жылы 5 қазанда Парижде өткен ЮНЕСКО бас конференциясында білім беру қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі туралы алғашқы халықаралық құжат қабылданды.

АӨСШК (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) күні

АӨСШК – аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде азиялық мемлекеттердің ынтымақтастығы мен өзара ықпалдастығын нығайтуды мақсат етіп қойған Азия құрлығындағы мемлекеттерді біріктіретін халықаралық форум. Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын. Алғашқы АӨСШК саммиті 2002 жылы өтті.

Астрономия күні

Астрономия күнін тойлау идеясын Солтүстік Каролина Астрономиялық қауымдастығының президенті Дуг Бергер ұсынған. Ол алғаш рет 1973 жылы тойланды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1868 жылы Гавриловское қыстағының орнында Талдықорған қаласы өз тарихын бастады. 1920 жылы Жетісу облыстық атқару комитетінің ұйғаруымен Гавриловка селосының атауы ресми түрде Талды-Қорған селосы деп өзертілді. 30-40 жылдары Талды-Қорған ауданының орталығы болып бекітіледі. 1944 жылы Талды-Қорған селосына қала дәрежесі беріліп, Алматы округінен бөлінді. 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, Талдықорған ҚР Алматы облысының орталығы болып саналады.

1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті) ашылды.

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 47-сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет АӨСШК шақырылымы туралы идеяны айтты. Әлемнің басқа өңірлерінен бір айырмашылығы, сол кезде Азияда мұндай құрылым жоқ еді және бұған дейінгі оны жасау әрекеттері сәтсіздікпен аяқталған болатын. Бұл бастаманы уақыт талабы деп санайтын бірқатар Азия елдері қолдады.

1993 жылы ақын Жұмекен Нәжімеденов тұрған үйге ескерткіш орнатылды.

2010 жылы С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы АҚШ Федералдық мемлекеттік департамент сыйлығын алды.

2011 жылы Гомель қаласында Қазақ киносы күндері өтті. Ашылу рәсімінің фильмі ретінде Сергей Бодров, Иван Пассер және Талғат Теменовтың «Көшпенділер» тарихи драмасы таңдалып алынды.

2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы республикалық «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ құрылды.

2013 жылы «Көкшетау» Мәдениет сарайында Абылай ханның 300 жылдығына арналған «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

2016 жылы қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» драмасы «Еуразия көпірі» кинофестивалінде «Гран-приді» жеңіп алды. Негізгі жүлдеден бөлек фильм тағы бір марапатқа ие болды. «Үздік әйел адам рөлі» номинациясы бойынша басты кейіпкердің анасының рөлін сомдаған Алтынай Нөгербек үздік деп танылды. Бұған дейін актриса осы рөл үшін ұлттық «Тұлпар» жүлдесін иеленген болатын.

2018 жылы Амангелді ауданында А.Иманов атындағы музейге Кейкі батырдың мүсінін алып келді. Оны жасаумен венгриялық ғалым-антрополгтар айналысқан.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай