Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

400 млн теңге пара алды деген күдікпен Горький театрының бұрынғы директоры тергеліп жатыр

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 16:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 400 млн теңге пара алды деген күдікпен елордадағы Горький театрының бұрынғы директоры заң алдында жауап беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры» мекемесінің директоры және тағы басқа адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Олар орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы театр ғимаратын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына және күрделі жөндеуге бөлінген 400 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген», - деді елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тергеу комитетінің бас тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.


Жоғары қарай