Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

40 жастағы Мэнни Пакьяо жас боксшыдан айласын асырып, WBA титулына ие болды

2019 жылдың 21 шілде 2019 12:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand аренасында өткен бокс кешінде 40 жастағы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (61-7-2, 39 КО) америкалық Кит Турманды (29-0, 22 КО) жеңіп, WBA Super нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Мэнни Пакьяо WBA «тұрақты» чемпионы болатын. Ол бұл титулды бір жыл бұрын аргентиналық Лукас Матиас Маттисені нокаутқа жіберіп, жеңіп алған. Ал Турман 2017 жылдың наурызында өз отандасы Дэнни Гарсиядан басым түсіп, WBA «суперчемпионы» атанған.

40 жастағы Филиппин боксшысы жекпе-жекті күшті қарқынмен бастады. Ірі денелі қарсыласынан жылдам екенін көрсетіп, сол артықшылығын пайдалануға тырысты. Алғашқы раундта оппонентін нокдаунға жібергенімен, Турман тез қалпына келді.

Айқастың ортасына таман Пакьяо екпінін бәсеңдетіп, жас боксшыға мүмкіндік берді. 10-раундта Мэнни америкалық қарсыласының денесін аяусыз соққылап, естен тандыра жаздады. Дегенмен, Кит раундтың соңына дейін шыдап бақты. 12 раундтың нәтижесі бойынша әділ қазы шешімімен Мэнни Пакьяо жеңіске жетті.

Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай