Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 377.62
EUR 426.03
RUB 5.67
CNY 55.78

40-тан астам ұстаз Түркияда тәжірибе алмасып қайтты

2019 жылдың 18 қаңтар 2019 13:00 436

  ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен 9-14 аралығында 40-тан аса ұстаз Түркия елінде тәжірибе алмасып қайтты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Анадолы жеріне табан тіреген түркістандықтар әуелі Ыстанбұл қаласындағы Абай атындағы мектепке ат басын бұрды. Заманауи үлгідегі мемлекеттік мекемеде білім берудің жаңа технологияларымен танысып, «Doga» колледжінде қонақта болды. Студенттер техникалық білімдерімен, ғылыми ізденістерімен, халықаралық жетістіктерімен ерекшеленеді. 

Айта кетерлігі, Түркияда оқу жылы 15 қыркүйекте басталып, 15 маусымда аяқталады. Онда мемлекеттік, жекеменшік және кешкі  мектептер бар. Оқу жылы 2 жартыжылдыққа бөлінеді. Апталық жүктемеге 20-24 сағат ағылшын,  5-9 сағат неміс тілі енгізілген. Таңдау пәндеріне сай ата-аналар балаларына дін, аспаздық, өнер сабақтарын үйретуге  құқылы. Қыздар мен ер балалар бөлек сыныптарда білім алады. Шахмат пәні аптасына 8 сағат өткізіледі. Робототехника мектеп қабырғасында міндетті саналады. Дене шынықтыру сабағының  10-12 сағаты  бассейінге арналған.

Облыс басшысының қолдауымен қолға алынған айрықша жоба жыл соңына дейін жалғасады. 


null 

null 

 

Жоғары қарай