Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

40 градус ыстық: Шымкенттік дәрігерлер күшейтілген режимге көшті

2019 жылдың 12 шілде 2019 19:43 578

 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік дәрігерлер аптап ыстыққа байланысты күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада аптап ыстықтың беті қайтар емес. Тұрғындар су бұрқақтар пен өзен-көл жағасын паналауға мәжбүр.  Сондай-ақ, қатты ыстықтан жүрек-қантамырлары ауыратындардың қатары артып, жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер  саны көбейген.

«Басқа  айларда бір жарым мыңға дейін шақыртулар болса, қазіргі уақытта 2 мыңнан асып кетті. Осыған байланысты біз шақыртулар қабылдайтын диспетчерлар мен жедел жәрдем көліктерінің санын ұлғайттық», - дейді  Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету стансасының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова. 


null 

Шымкентте бүгін де  күн 40 градустың үстіне көтеріліп, жұртты әбігерге түсірді. Синоптиктер мұндай жағдай Түркістан облысында да  сақталатынын айтады. 

«Түркістан облысының  басым бөлігінде қатты ыстық +40+43 градус күтіледі. Шымкент қаласында да күн қатты ысиды»,- дейді синоптик  Әсем Нұрлыбаева.



null 

 

Жоғары қарай