Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

4 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 3 сәуір 2019 19:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 4 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдары директор орынбасарларының арасында «2019 жылғы әдістемелік қызметтің тиімді моделі» атты қалалық байқау өтеді.

Сағат 09.30-да Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Экстремизмнің алдын алу. Жетістіктері мен қиындықтары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен «Өркениеттер диалогы» ғылыми-зерттеу институты.

Сағат 09.30-да Rixos қонақ үйінде Сарапшылар Орталық Азияның ірі астық конференциясы - «KazGrain-2019» өтеді.

Сағат 09.30-да «Астана» Халықаралық қаржы орталығында «Орнықты даму және инновациялар бойынша Орталық Азияның екінші ғылыми форумы» өтеді.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

Сағат 10.00-де Астана медицина университетінде «H2H: Health2Human» атты республикалық хакатон өтеді.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Еліміздегі су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтеді. Спикер болып ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары Марат Күлдіков сөз сөйлейді.

Сағат 11-00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Bi Group компаниясымен кездесу өткізеді.

Сағат 11.00 -де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде «Астана - адалдық алаңы» және азаматтық сектор. «Сенім. Серіктестік. Даму» атты дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 15.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода брифинг өтеді.

Сағат 16.00-де «Нұр Отан» партиясында «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасау» тақырыбында жиын өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-да RITC-СARLTON қонақ үйінде «Табиғи ғылымдар саласындағы инновациялар Қазақстанның экспортқа бағытталған индустрияландыру негізі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сағат 10.00-де «Ғылым ордасы» РМК-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белгілі қазақстандық ғалым Қ. Сәтбаевтың 120 жылдығына және Ғылым күніне арналған «Қ. Сәтбаев: Қазақстан ғылым академиясының Тұңғыш Президенті, ғылымды ұйымдастырушы, көрнекті ғалым және қоғам қайраткері» атты конференция өтеді.

Сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ботай мәдениетінің және Орталық Азияның басқа энеолит ескерткіштерінің халықаралық зерттеулерінің нәтижелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Сағат 10.30-да «Атакент» көрме орталығында «СұлуЭкспо-Алматы-2019» сұлулық индустриясының 17-ші мамандандырылған көрмесі, сондай-ақ «Ару-Алматы 2019» 32-ші халықаралық зергерлік көрмесі ашылады.

Сағат 11.00-де № 117 орта мектепте Алматы қаласының оқушылары «SportFEST Kazakhstan» республикалық олимпиадасына қатысады. Алматы қаласының 8 ауданынан 264 қатысушы: балалар арасында мини-футбол, әскери-қолданбалы спорт, шахмат, үстел теннисі, қыздар арасында баскетбол, тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша бақ сынайды.

Сағат 19.00-де «ARTMEKEN» галереясында қазақстандық суретші Шамиль Гулиевтің «Көптеген вектор: шенеуніктер мен суретшілердің өмірінен» көрмесі ашылады. Көрме 2019 жылдың 5 сәуірінен 28 сәуіріне дейін ашық.

ТҮРКІСТАН

Сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі алаңында елімізде биылғы егіс науқанының басталуы және Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 17:00-де Орталық коммуникациялар қызметінің «Маңызды» сараптамалық алаңы Түркістан қаласында «Рухани Жаңғыру: Түркістан туризмі» тақырыбында шара өткізеді.

АҚТӨБЕ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2019 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Жоғары қарай