Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

4 облыста балабақшаларда видеобақылау аз орнатылған - Владимир Божко

2018 жылдың 12 қазан 2018 16:53 152

АСТАНА. ҚазАқпарат - Депутаттар өңірлерге сапарлаған кезде балабақшалардың видеобақылау құрылғыларымен жабдықталуына назар аударады. Бұл туралы ҚХА депутаттық тобының отырысында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде ҚР Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесе тиісті «Жол картасын» даярлап жатыр. Онда мектепке дейінгі ұйымдарға педагогтар біліктілігін арттыру, оқу орнындары тапшылығын жою, бүлдіршіндердің қауіпсіздігін арттыру секілді шаралар ескерілген. Осы орайда, қосымша 4 мың видеобақылау камераларын орнату қарастырылған», - деп тоқталды В. Божко.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне қарағанда, бүгінде балабақшаларда видеобақылаумен қамтамасыз етілу деңгейі 58 пайызға жеткен.

«Яғни, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылғанын көріп отырмыз. Дегенмен де бейнебақылау құрылғыларымен қамтамасыз етілудің төмен дейгейі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында байқалып отыр. Сондықтан аталған өңірлерге жұмыс сапарымен барғанда осы мәселеге назар аударуларыңызды сұраймын», - деді Мәжіліс төрағасының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында мектеп пен балабақшаларды бейнебақылаумен қамтамасыз етуді жүктеді. 

Жақында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Қазақстан мектептері мен балабақшаларын бейнебақылау камераларымен жабдықтау жұмыстары жөнінде баяндады. 

 

 

Жоғары қарай