Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

4,3 млн теңгенің мүлкін ұрлаған теміржол бекетінің басшысы сотталды - Қостанай

2019 жылдың 21 мамыр 2019 12:24

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Таран аудандық соты «Тобыл жол торабының» бұрынғы басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық ісін қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР азаматы Ш. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы 34-ӨСБ «Тобыл жол торабының» басшысы бола отырып, материалдық байлыққа кенелу мақсатында өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жымқырып, 4 386 779 теңге көлемінде ірі материалдық залал келтірген. Жәбірленуші тарап өкілі Ш.-ға қатысты шығынның толық өтелуіне байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жоқ деп түсіндірді»,- делінген облыстық соттың хабарламасында.

Жеңілдететін мән-жайлардың болуына байланысты және жәбірленуші тараптың пікірі ескеріліп, сотталушыға 3,6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол белгілі бір лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына шеттетілді.

Жоғары қарай