Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

30 наурыз күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 30 наурыз 2020 04:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тек оңтүстік-батыста күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Өңірлерде тұман, екпінді жел сақталады, оңтүстікте сондай-ақ шаңды дауыл болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с артады.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде 16 м/с екпінде жел тұрады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай