Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

30 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылдың 30 наурыз 2020 07:00

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2020 жылғы 30 наурызға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылыҚазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаны туралы ноталар алмасу рәсімі болды.

1993 жылы Италияның «Экос» журналы Қазақстанға арналған санын шығарды. Басылым қазақ, орыс, итальян, ағылшын тілдерінде жарық көрді. Онда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың сұхбаты берілген.

2001 жылы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы» құрылды. Қауымдастықтың негізгі міндеттерінің бірі - Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін түлектердің күш-жігерін, зияткерлігін, шығармашылығын және іскерлік әлеуетін біріктіру, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлуметтік және саяси прогресіне мүмкіндік беретін жасампаздық іс-шараларды өткізу. «Болашақтықтардың» құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға, біртұтас шаңыраққа біріктіріп ұйымдастыруды Қауымдастық өзіне жауапкершілікке алды.

2006 жылы Қазақстанда Халықаралық жазушылар мен публицистер қауымдастығының ресми өкілдігі ашылды. Халықаралық қауымдастықтың еліміздегі өкілдігі Алматыда орын тепті. Әлемнің 35 мемлекетінде 4 жылдан бері тыңғылықты жұмыстар атқарып келе жатқан қауымдастық біздің ақын-жазушыларымызды, публицист-журналистерімізді сол елдерге таныту мақсатында жұмыстар атқаратын болады. Қауымдастықтың штаб-пәтері Лондонда, Орталық Еуропа бюросы Прагада, баспа орталығы мен басқарма орны Ригада орналасқан.

2010 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының жанынан Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ашылды.

2011 жылы Алматыда Қазақстан және Орталық Азиядағы «Tennis.kz» Халықаралық теннис академиясының салтанатты түрде ашылуы өтті.

Қазақстандық жаңа буын теннисшілеріне Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі ең үздік кешен ұсынылды. Мұнда жеті жабық және жеті ашық корт, аэробика, гимнастика, фитнес-залдары, спорттық бар, сауна, аталмыш спортпен айналысуға қажетті заттар сататын арнайы дүкен, массаж кабинеттері бар.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Тұңғыш ғарышкер» монетасын айналысқа шығарды. Номиналы – 500 теңге.

Биколорлы (құрама) монетаның пішіні шеңбер тәріздес, концентрациялы түрде орналасқан сақина және дискіден тұрады. Монетаның ішкі дискі күмістен, сыртқы сақинасы танталдан жасалған.

Массасы 40,7 грамма (массасы 24 грамм танталдан сақина, дискісі 925/1000 сынамды күмістен, массасы 16,7 грамм) диаметрі – 38,61мм., «рroоf» сапасымен жасалған, таралымы – 5 мың дана.

2012 жылы Ш.Айманов атындағы киностудия түсірген «Әнші бала» фильмі Голливудта өткен International Family Film Festival атты халықаралық фестивальде «Үздік шетел драмасы» аталымында сыйлық алды.

«Әнші бала» - жазда ата-анасы ауылға апарған қалалық бала туралы хикая.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Америка мемлекеттік басқару қоғамының (ASPA - American Society for Public Administration) толық мүшесі болды.

2017 жылы Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы құрметті консулдығының ашылу рәсімі болды.

2018 жылы Бразилия қаласындағы EBC штаб-пәтерінде «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі EBC медиахолдингімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум Қазақстан мен Бразилия жетекші БАҚ өкілдері арасында өзара байланысты нығайту және ақпарат алмасу, мемлекет басшылары мен ресми делегаттардың іс-сапарларына, басқа да Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы аумағында өткізілетін мемлекетаралық шараларға ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру мақсаттарын көздейді.

2019 жылы 120 қазақстандық әскери қызметкер БҰҰ-ның «Әлемге қызметі үшін» медальдарімен марапатталды. Наградаларды салтанатты табыстау рәсімі БҰҰ-ның Ливандағы бекетінде өтті. Оған 600-ден астам адам, соның ішінде 30 елдің Елшілері мен әскери атташелері, «Шығыс» секторы бөлімшелерінің командирлері қатысты.


Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай