Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

3 тамызда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

2019 жылдың 3 тамыз 2019 05:29 163

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 тамызда ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, республика бойынша кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бұл күні еліміздің оңтүстігінде жауын-күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дауыл күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұруы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында түнде және таңертең жел 18-23 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай