Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

3 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылдың 3 тамыз 2019 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 3 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1904 жылы ұзындығы 1668 км құрайтын Орынбор-Ташкент магистралінің құрылысы басталды. Бұл магистраль 1905-1906 жылдары қолданысқа беріліп, Ресейдің еуропалық бөлігі мен Орталық Азияны байланыстырды. Теміржол бойында қалалар мен өндіріс орталықтары пайда болды. Мысалы: Ақтөбе, Орал, Түркістан, Қызылорда, Арал және т.б. қалалардың дамуына ықпал етті.

2001 жылы Мәскеуде Каспий құбыр желісі консорциумының мұнай тасымалдау бойынша шарты бекітілді.

2001 жылы Қазақстанда Түркия әскери күштері бас штабының әскери-техникалық өкілдігі ашылды.

2007 жылы Алматыда Қазақтан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Сәтбаев пен Әл-Фараби даңғылын түйістіретін С. Сейфуллин көшесінің жаңа бөлігінде автокөліктердің қозғалысына арналған жолдың ашылуына қатысты.

Магистральдің жаңа бөлігінің жалпы ұзындығы 2,2 шақырым болды.

Жолайырықтың бойында түгел көше жарығы орнатылған. Іргелес 25 мың шақырым аумақ көгалдандырылып, аяқжолдар салынды.

2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында Алматы облысының Іле ауданында «Жетіген-Қорғас» теміржол желісі құрылысының басталуына арналған шараға қатысты.

«Жетіген-Қорғас» теміржол желісі құрылысының жобасы - «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының шеңберінде Алматы облысында жүзеге асырылатын ең ірі жобалардың бірі. Теміржол желісі «Жетіген» стансасынан басталып, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов аудандарының аумағымен өтіп, Қытай шекарасына барып тіреледі. Бұл теміржол жобасы іске қосылғаннан кейін Ақтау мен Алматыдан Қытайға жүк және жолаушылар тасымалдау аралығы 500 шақырымға дейін қысқарады. Құрылыс кезінде 5500 адам жұмыспен қамтылды. Құрылыстың жалпы құны 147,4 млрд теңге. Құрылыс мерзімі - 45 ай.

2014 жылы Қазақстан аумағынан «Жібек жолы бойымен мыңдаған шақырым» экспедициясы өтті. Шара аясында Қазақстан жайында бірнеше репортаждар жасалып, ҚХР-дың орталық телеарналарында күн сайынғы тікелей эфир ұйымдастырылды. Алғашқы шаралар 2014 жылғы 19 шілдеде Сиань қаласында өтті. Әрі қарай экспедиция мүшелері Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Түркия, Грекия, Италия елдеріне қарай аттанды. Соңғы нүкте Рим қаласы болды.

2017 жылы қазақстандық команда әлемге танымал Counter-Strike компьютерлік ойыны бойынша турнирде 1 000 000 доллар ұтып алды.

2018 жылы майдангер батырлардың ерліктерін еске алу үшін армия генералы А.В. Хрулев атындағы Материалдық-техникалық қамту әскери академиясында Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы есімімен аталатын дәрісхана ашылды. Соғыстан кейінгі жылдары Б. Момышұлы академияда бес жыл дәріс оқып, әскери өнерді дамытуға сүбелі үлесін қосты.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай