Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

3 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 2 сәуір 2019 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 3 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.30-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры және Әлемдік экономика және саясат институты Оңтүстік Кореядағы ең ірі коммерциялық емес ұйым - Корей Қорымен бірлесіп, «Корей түбегінің ядролық қарусыздануы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.

Сағат 10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 10.00-де С.Мәуленов атындағы №37 орта мектепте «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасының бірінші бағыты аясында «Болашақ» корпоративтік қорының ашылуына қолдау көрсету кабинетінде шара өтеді.

Сағат 10.30-да Транспорт Тауэр ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының қоғамдық тыңдалымы өтеді.

Сағат 10.30-да Сенатта «Авторлық және сабақтас құқықтарды басқару туралы шартты ұжымдық негізде ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де Үкімет үйінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаудың аймақтық ерекшеліктері туралы тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 14.20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Central Asia's Got Talent» (Орталық Азия таланттарды іздейді) телевизиялық жобасына іріктеу басталды» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де «Radisson Astana» қонақ үйінде «Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі жасыл экономиканы дамыту» №1 техникалық сессиясының аясында «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қауіпсіздік, еңбек, экология және әкімшілік қызметтер департаментінің бастығы Артур Байболатов FMK мысалында жұмыс кезінде қауіпсіздік мәдениетін енгізу туралы айтып береді.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының тұсаукесері мен Кітапхана қызметінің бағыттарына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Фараби оқулары аясында «Әл-Фараби және қазіргі заман» VI Халықаралық форумы өтеді.

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Star of AAsia.kz» халықаралық музыкалық фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Оған фестивальдің бас режиссері Шара АЙДАРОВА, атқарушы продюсер Сандуғаш АБДИЕВА және жетекші Кирилл МЕЙДЕР қатысады.

Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында Халықаралық джаз фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 16.00-де Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрында жиырмасыншы ғасырдың аңызға айналған бишісі Рудольф Нуреевтің мерейтойына арналған III Халықаралық балет глобус би фестивалінің ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 10.00-да Достық үйінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы «Жұлдызай» фестивалі өтеді. Іс-шараға 65 бала қатысады.

Жоғары қарай