Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

3 мың гектар орман отқа оранды: Әдейі өртеген күдікті ұсталды

2019 жылдың 22 шілде 2019 08:15 469

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Португалияда орманды әдейі өртеді деген күдікті ұсталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Сенбі күні кешкісін елдің солтүстік-шығысында тұтанған алапат өрт 3 мың гектар орманды жалмады.

Хабарларға қарағанда, 20 адам зардап шеккен, соның 8-і өрт сөндіруші, қалғаны жергілікті тұрғындар.

Тұтас бір елді мекен эвакуацияланды.

Сұрапыл өртті сөндіруге мыңға жуық өрт сөндіруші, 240 машина және 13 ұшақ тартылды.

Тіілісіз жау тек жексенбі күні ғана ауыздықталды. Ал оны толықтай сөндіру үшін Еуроодақтың арнайы қызметтері спутниктен алынған суреттерді беріп жатыр.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай