Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

29 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

2019 жылдың 28 маусым 2019 23:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 29 маусым күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Қазанат» атшабарында «Kóshpendiler Álemi» атты халықаралық этномәдени фестиваль өтеді.

Сағат 12.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде ХV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің конференциясы болады.

Сағат 12.00-де «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Біз денсаулықты таңдаймыз!/Біздің таңдауымыз-Денсаулық!/ Health is our choice!» мәдени-сауықтыру акциясы бастау алады.

Сағат 12.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде түлектерге диплом тапсыру рәсімі басталады.

Сағат 21.00-де «Астана Арена» спорт кешенінде Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай