Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

28 жасар тараздық тұрғыннан марихуана табылды

2019 жылдың 6 қазан 2019 04:00

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз тұрғынынан бір келіден астам марихуана есірткі заты тәркіленді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

​Аталған іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген. Нәтижесінде есірткі заттарын сатумен айналысқан 28 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұсталды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

​«Күдіктінің автокөлігін тексеру барысында бір келіден астам «кептірілген марихуана» есірткі заты анықталып, тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындап, Тараз қаласы Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»,-делінген хабарламада.

​Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Жоғары қарай