Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

27 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 26 сәуір 2019 21:08 607

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі Қазақстан қалаларында 27 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

12.00-де Нұр-Сұлтан - Павлодар тас жолында Koktem fest фестивалі өтеді. Фестиваль аясында шеберлер ауылының көрмесін тамашалап, «Арқан тартыс», «Асық ату», «Алтыбақан» ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді. Тұңғыш рет қазақ күресінен «Байқоңыр барысы» турнирі өтеді. 2 мың табақ (порция) палау, 500 литр наурыз көже және 100 келі бауырсақ таратылады.

12.00-де Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясына орай ҚХА Кеңесінің мүшелерімен кездесу өтеді.

АЛМАТЫ

19.00-де MEGA Almaty ойын-сауық орталығында Chaplin Cinemas жаңа кинотеатрының ашылуы аясында «Әруақ» фильмі көрсетіледі.

10.00-де Оқушылар сарайында «Әлеуметтік маңызы бар бастамалар» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Әлия Назарбаеваның, ҚР Білім және ғылым миинстрі Күләш Шәмшиддинованың және қала әкімі Бауыржан  Байбектің қатысуымен «Бізге керек әлем» дөңгелек үстелі өтеді.

 

 

Автор: Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Аймақ, БАҚ,
Жоғары қарай