Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

27 мемлекет Ұлыбританияның ЕО-дан шығу келісімін қабылдады

2019 жылдың 18 қазан 2019 00:42

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Брюссельде өткен саммитте Еуропалық одаққа мүше 27 мемлекеттің көшбасшылары Ұлыбританияны Еуропалық одақтан шығару жөніндегі келісімді қабылдады. Келісімге осыдан бірнеше сағат бұрын қол жеткізілген болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Еуропалық кеңес Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Еуропалық одақтан және Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қоғамдастықтан шығу туралы Келісімді қабылдайды», - делінген Еуропалық одақтың 17-18 қазан күндері Брюссельде өтіп жатқан саммитінің мәлімдемесінде.

Бұл ретте, мемлекеттер көшбасшылары «Еурокомиссияға, Еуропалық парламентке және Еуропалық одақ Кеңесіне рет-ретімен шығуды қамтамасыз ету үшін келісімнің 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енуіне қажетті шаралар қабылдауды ұсынды».

Енді келісім Еуропалық және Британдық парламенттің мақұлдауынан өтеді.

Ұлыбританияның заң шығарушылары отырысқа сенбі күні жиналатын болады.

Сондай-ақ Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы 21-25 қазан күндері Страсбургте өтетін Еуропалық парламенттің пленарлық отырысында дауыс беруге шығарылуы мүмкін.

Жоғары қарай