Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

26 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 25 сәуір 2019 20:37 866

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі Қазақстан қалаларында 26 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Қарлығаш» балабақшасында Қазақстанда мектепке дейінгі білім беруді дамыту мәселелері талқыланады. 
10.00-де ҚР Ұлттық музейінің 5 жылдығына орай «Мейірім» - «Шеберлер қаласы» балалар шығармашылығының ІІ инклюзивті музейлік фестивалі өтеді.
10.00-де Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің №79 мектеп-лицейінде қаланың барлық білім беру мекемелердегі әкелердің қатысуымен  қалалық Әкелер слеті өтеді.
11.00-де ҚР Энергетика министрлігінде Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаев Электр энергетикасы саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен кездеседі. 
11.00-де «Қазақстан» орталық концерт залының  мәжіліс залында ҚР Жастар жылына арналған 22-ші «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ-2019» Ұлттық байқауы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. 
11.00-де Чернобыль АЭС апаты құрбандарына арналған ескерткішке жыл сайынғы гүл шоғын қою рәсімі мен еске алу шарасы өтеді. 
12.00-де «Астана Арена» спорт кешенінің мәжіліс залында «Астана» ФК атқарушы директоры Пол Эшуорттың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
14.00-де қонақ үйінде «Қазақстан құрылысшылары одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі құрылыс  материалдарын жеткізушілер мен мердігерлердің жиынын өткізеді.
15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Конституция» залында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.
15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Батыс Қазақстан облысы суретшілерінің шығармашылық туындылары қойылған «Жазира-Жайық» көрмесі ашылады. 
15.00-де  Парасат ғимаратында автомобиль жолдарын сақтау мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өтеді. 

АЛМАТЫ

9.00-де Ұлттық ғылым академиясында Асқар Сейсембаевты еске алуға арналған ревматологтардың ІІ конгресі ашылады. 
10.00-де «Алматы қаласының бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтында Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі қала жастары мен балаларға спорт секцияларының қолжетімділігі туралы қоғамдық тыңдау өткізеді. 
10.00-де Каспий университетінде V республикалық «Тірегі сендер елімнің» студенттер фестивалі аясында «Жас толқын» олимпиадасы өтеді. 
11.00-де Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша партиялық куратордың отырысы өтеді. 
11.00-де «Halyk Arena» мұз сарайында Алматы қаласы әкімінің Кубогына «ALMATY TECH CUP» робототехника мен инновациялық технологиялар бойынша VІ ашық чемпионат өтеді. 
11.00-де Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында премьералық спектакльдердің алдын ала көрсетілімі мен баспасөз мәслихаты өтеді. 
12.00-да Қазақстанның Адам құқықтары бойынша халықаралық бюросының баспасөз орталығында «Украинадағы президент сайлауын бақылау тәжірибесі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. 

Автор: Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: БАҚ, Аймақ,
Жоғары қарай