Ауа райы
Нұр-Сұлтан 3 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 378.87
EUR 422.40
RUB 5.87
CNY 54.85

26 қаңтардан бастап еліміздегі 3 автожол ақылы болады

2019 жылдың 23 қаңтар 2019 18:10 1108

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 26 қаңтарында Астана - Теміртау», «Алматы - Қапшағай», «Алматы-Қорғас» автожолдары ақылы тәртіпке ауысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазавтожолға сілтеме жасап.

Ақылы жүйеге ауысуы республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын жақсартуға, апат қаупін азайтуға, логистикалық дәліздерді жетілдіруге ықпалын тигізеді.

«2019 жылдың 26 қаңтарында Астана - Теміртау» (134 шақырым), «Алматы - Қапшағай» (42 шақырым), «Алматы-Қорғас» (295 шақырым) автожолдарында ақы алу жүйесі іске қосылады.  Көліктік инфрақұрылымды дамыту ЖІӨ арттыруға, автожолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға мүмкіндік береді», - деп хабарланды Қазавтожол сайтында.

Атап өткен жөн, ақылы жол бөліктеріне жақын аудандардың тұрғындары үшін түсіндіру мен хабарлау жұмыстары жүргізілген. Бірқатар қоғамдық тыңдаулар, көшпелі таныстырылымдар ұйымдастырылып, төлем ставкалары туралы тұрғындардың ұсынысы тыңдалған.

«Ақылы жол бөліктеріне жақын аудандардың тұрғындары үшін бір жылдық абонемент бағасы 1000 теңге болады. Оны сол мекенжайда тіркелген автокөлік иелері ғана ала алады. Егер көлік иесі ғана белгіленген мекенжайда тіркеліп, автокөліктің тіркелу орны басқа болса, төлемақы жалпы ережелерге сәйкес алынады», - делінген ресми хабарламада.

Жеңіл көлік иелері Астана-Теміртау жолында алдын ала 200 теңге немесе қолма-қол 400 теңге төлеп өте алады. Алматы - Қапшағай жолында алдын ала - 100 теңге немесе қолма-қол - 200 теңге бекітілген. Алматы-Қорғас жолында алдын ала - 300 теңге, қолма-қол 600 теңге төлеу қажет.



 

 

Автор: Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай