Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

25 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 20:06 797

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 25 қаңтарда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.00-де А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында жастар жылына байланысты БАҚ өкілдеріне арналған жиын өткізіледі.

Сағат 09.00-де Astana Marriott Hotel қонақ үйінде мемлекеттік органдардың басшылары үшін стратегиялық жоспарлау процесіндегі тұрақты даму индикаторларының интеграциялануы мәселесі жөнінде семинар-тренинг өткізіледі.

Сағат 10.00-де Nazarbayev University  ғимаратында Жастар жылының ашылуы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығы көшбасшыларының Self-made жастар форумы өз жұмысын бастайды.

Сағат 10.00-де «Афари» бизнес-орталығында «Жастар жылы» аясында бейресми білім берудің авторлық скауттық бағдарламасының тұсаукесері өтеді.

Сағат 10.50-де ҚазМедиаОрталықта бухгалтерлер мен жетекшілерге арналған жыл сайынғы VIII «1С» Форумы өтеді.

Сағат 14.00-де «Sputnik Қазақстан» баспасөз орталығында Астана-Минск видеокөпір форматы арқылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері талқыланады.

Сағат 15.00-де Онкологиялық диспансер мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «ЖМО профилактикасы, скрининг, адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация» тақырыбында баспасөз-конференцияны өткізуді жоспарлап отыр.

Сағат 15.00-де «Хан Шатыр» СОС орталығында Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама жол картасын» жүзеге асыру аясында жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен жастарға консультациялық көмек көрсету бойынша іс-шара ұйымдастырады.  

Сағат 19.00-де «Астана Опера» театрының Камералық залында «Вечер у камина» кеші өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де Достық үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіхалықова Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мәдениет саласындағы 2018 жылға арналған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы мемлекеттік стипендияларын тапсырады.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі дүркін жеңімпазы, Ақын-Айтысшылар Халықаралық одағының Басқарма Төрағасы және Термас орындаушылары Жүрсін Ерман Молдашұлының 5 томдық кітаптарының тұсаукесері өтеді.

Сағат 19.00-да «Меломан Гранд» кітап дүкенінде Владимир Проскуриннің «Г.А. Колпаковскийдің өмірі мен тағдыры» кітабының тұсаукесері өтеді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 15.30-да Түркістан Медиа орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің төрағасы Токушев Қайыржан Аxметбекұлы Түркістан облысына жұмыс сапары барысында брифинг береді. Бұған қоса, Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев жылдың қорытындысымен брифинг өткізеді.

ШЫМКЕНТ

Сағат 10.30-да Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабы, Орта Азиялық медицина колледжінде Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері Шымкентте көшпелі қабылдау өткізеді. «Нұр Отан» партиясы ұйымдастыруымен Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабында да ауыл тұрғындарын көшпелі қабылдау өтеді. Азаматтарды «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Бақыт  Өміртайқызы Темірова,  Шымкент қалалық партия филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов, Қаратау ауданы әкімі аппаратының басшысы Азамат Бұхарбайұлы Парманов, Қазақстан Республикасының Банк омбудсмены Ерсерік  Дәменұлы Сийрбаев қабылдайды. Қабылдауға алдын-ала 9 азамат жазылған. Олар қоғамдық көлік, көшелерге жөндеу жұмыстары, жерге құжаттарды рәсімдеу, ауыз су, және басқа да мәселелер бойынша арызданған.

Сағат 15.00-де Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесі №8"А" орналасқан Фронт офис ғимаратында «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының механизмдерін түсіндіруге арналған жәрмеңке және азаматтарды көшпелі қабылдау өтеді.

Сағат 16.00-де Шымкент қаласы Кәсіпкер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтеді. Кеңесте жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы бұзушылықтар, оның ішінде, бірнеше  меншік иелерінің бір жер учаскесіне қабаттасу жәйіттері бойынша даулы жағдайлары қаралады.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры,  Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» Агенттігінің бірлескен  «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді. Айта кетейік, бес номинация бойынша өтетін конкурсқа БАҚ өкілдері де қатыса алады. 

 

 

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай