Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

25 ақпан. Туған күн иелері

2020 жылдың 25 ақпан 2020 08:08

Н(Р-С(ЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 25 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




70 жыл бұрын (1950) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Жексенбай Қартабайұлы ДҮЙСЕБАЕВ дүниеге келді.

Ақмола облысы Шортанды ауданы Күлшін ауылында туған. Волгоград (Ресей) ауыл шаруашылығы институтын, Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Институт бітіргеннен кейін шаруашылықтарда зоотехник, бас зоотехник, Ақмола облысы Шортанды аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып істеген. 1983-1987 жылдары - «Қазақстанның 18 жылдығы» колхозының төрағасы. 1987-1993 жылдары - Ақмола облысы Сілеті аудандық атқару комитетінің төрағасы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, әкімшілік басшысы. 1993-1995 жылдары - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімшілігінің басшысы. 1995-1997 жылдары- Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі. 1997-1999 жылдары - Ақмола облысы ауыл шаруашылығы департаментінің директоры. 1999-2000 жылдары - Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры. 2000-2002 жылдары - «Агроцентр Астана» агрофирмасының вице-президенті. 2002-2005 жылдары- Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің проректоры. 2005-2006 жылдары - Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі. 2006-2007 жылдары - Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі. 2007 жылғы қыркүйектен бастап- төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың наурызынан бері атқарып келеді. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Тың және тыңайған жерлерді игеру», «Астана», «Астананың 10 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.





69 жыл бұрын (1951) театр және кино әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Меруерт Қаратайқызы ӨТЕКЕШЕВА дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітірген. 1973 жылдан осы кезге дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының акрисасы. 1985 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында оқытушы. «Ана - Жер-ана», «Мөлдір махаббат», «Ескі үймен қоштасу», «Ревизор», «Үлкен ұл», «Қарагөз» және басқа спектакльдерде ойнады. «Қыз Жібек», «Менің ағам», «Шоқан», «Махамбет», «Бақсы»» «Жылан жылы» фильмдеріне түсті. «Құрмет» орденімен марапатталған, Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жастар шығармашылығы байқауының лауреаты, ҚазКСР жастар шығармашыл жастар байқауының лауреаты. ҚР еңбек сіңірген әртісі.





64 жыл бұрын (1956) физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Асқар Серқұлұлы ЖҰМАДІЛДАЕВ дүниеге келді. Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. 1980-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Математика және механика институтының кіші, аға, бас ғылыми қызметкері, Математика институты алгебра зертханасының меңгерушісі. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Ғылым жөніндегі даярлау комитетінің төрағасы болды. 1995-2002 жылдары Германиядағы Гамбург, Мюнхен, Билефельд университеттерінің профессоры болып, Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында, А.Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында, Швеция корольдік ҒА-ның Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында, Фильдс атындағы Математика институтында қызмет атқарып, дәрістер оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым академиясының грантын алған. 1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Математика институты алгебра зертханасының меңгерушісі қызметін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Ол ХІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.
Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай