Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

25 ақпан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылдың 24 ақпан 2020 21:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» агенттігі 25 ақпан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

09.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

10.00-де «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында партияның Құқықтық кеңесінің және Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің «Қоғамдық кеңестер: тәжірибе мен қоғамдық институтты құқықтық дамыту қадамдары» тақырыбында отырыс өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатында Қазақстандағы төлем жүйелерін дамыту мәселелері туралы өкілетті мемлекеттік органдармен кездесу болады.

10.30-да AstanaHub-та Қазақстанның ақпараттық қауіпсізідігін бірлесіп нығайту жобасы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Басқосу әлемдегі аса ірі Trend Micro Incorporated жапондық IT-корпорациясының және стандарттан тыс қауіптерден қорғану құралдарын дайындауда көш бастайтын қазақстандық Т&D Security компаниясының Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін бірлесіп нығайту жөніндегі жобасына арналған.

10.30-да ҚР Парламенті Мәжілісінде «Әскери қызметшілердің және әскерге шақырылушыларды медициналық қамтамасыз ету мәселелері» атты тақырыптық отырыс өтеді.

11.00-де Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Жаңа онжылдықтағы ЕАЭО: даму келешегі» атты «дөңгелек үстел» өтеді.

11.00-де ҚР Парламенті Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «ҚР Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасына қатысты кеңейтілген отырысы өтеді.

15.00-де ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Отырыста 2019 жылғы атқарылған жұмыстар мен 2020 жылға арналған жоспарлар талқыланады.

15.00-те ҚР Парламенті Сенатында Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мүшелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша кездесу өткізеді.

15.00-де Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігі академиясында «Қазақстандағы сот білімі: даму болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де «DoubleTree by Hilton Almaty» қонақүйінде халықаралық Start-Up бағдарлама аясында венчурлік жәрмеңке өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың салтанатты ашылуы өтеді. Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы Ресейдің Бас консулдығымен және Алматыдағы «Россотрудничество» өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырған.

16.00-де Smart Point коворкинг-орталығында климат тақырыбына арналған TED жаһандық бастамасы өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай