Ауа райы
Нұр-Сұлтан 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

24 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде дауыл тұруы мүмкін

2018 жылдың 23 шілде 2018 19:40 241

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстігінде дауыл соғуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

24 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен жел соғып, оның жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. Кей жерлерде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Түнде кей жерлерде қатты нөсер жауады.

Петропавл қаласында 24 шілдеде  15-20 м/с солтүстік желі соғып, күндіз оның екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Күн күркіреп, дауыл болады және күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

Көкшетау қаласында 24 шілдеде күн күркіреп, дауыл болады және бұршақ түсуі ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда. Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

 

 

Жоғары қарай